Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды
Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды
3 жыл бұрын 2304 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Кембридж университетінің ғалымдары бастаған халықаралық ғалымдар тобы өсімдікті тозаңдандырушы барлық жәндік түрлерінің жойылуының негізгі себептерін тізбелеп берді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ара, көбелек, сона, қоңыз, жарғанат, шыбын және колибри құсы (әлемдегі ең кішкентай құс) әлемдегі азық-түлік өсімдіктердің 75%-дан астамын тозаңдандырады екен. 2016 жылғы бұл тараптағы есепте келтірілген дерекке қарағанда, соңғы жарты ғасыр ішінде тозаңдандырудан пайда болатын тағам өнімдеріне деген сұраныс 300%-ға артқан, ал мұндай азық-түліктің бір жылдағы нарықтық бағасы 577 млрд долларға жетіп отыр. Сонымен аталмыш зерттеу нәтижесіне сәйкес өсімдікті тозаңдандырушы жәндіктердің жаппай жойылуының үш негізгі себебі бар болып шықты:

  • Тіршілік ету ортасының тарылуы немесе бүлінуі;
  • Пестицидтің кеңінен пайдаланылуы; 
  • Климат өзгерісінің кері әсері. 

Тек ауыл шаруашылық өсімдіктерінде ғана емес, жабайы өсімдіктер ортасында да тозаңдандырушы жәндіктердің қарасы кеміп келеді. Бұл тенденция, әсіресе, халқы көп, алайда, экономикасы кері кеткен Африка құрлығында, Латын америкасында және Азия-Тынық мұхиты аймағында қатты байқалып отыр. Ең сорақысы – аталған аймақ тұрғындарының негізгі қорегі жабайы өсімдіктерден алынатын өнімдер болып отыр. Яғни, қолдан өсірілген емес, жабайы ортада өсетін өсімдіктен алынатын жеміс-жидек пен азыққа тәуелді. Ал әлемдегі халық көл-көсір Қытай мен Үндістан дәнді дақылдар мен жеміс-жидекті ең көп тұтынатындықтан тозаңдандырушы жәндіктердің азаймауына солар мүдделі. 

0 пікір
Мұрағат