Тасбақалар мен құрттар сөйлей алады: ғылыми дәлел (видео)
Тасбақалар мен құрттар сөйлей алады: ғылыми дәлел (видео)
2 жыл бұрын 1336 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қауымы көптен бері қателесіп келген екен: соңғы зерттеуде хоанат түрлерінің сөйлей алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған IFL Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзақ уақыт бойы ғылыми ортада тасбақалар, балықтар және толқынды құрттар (сонымен қатар, «цецилиандар» деп те аталады) сөйлеу қабілеті жоқ, деген нұсқа басым болды. Осыған байланысты олар «хоанаттар» деп аталатын жеке топқа жатқызылған еді. Бұл арада өсіп-өнуінің арқасында танауын судан шығарып тыныс алатын су және жартылай су жануарларының бір тобы турасында сөз болып отыр. Бұрын жоғарыда аталған тіршілік иелері дыбыс шығара алмайды, деп есептеліп келген еді, алайда, жаңа зерттеу бұл гипотезаны жоққа шығарып отыр. Бұл тарапта ғалымдар хоанаттардың ондаған түрін зерттеп, олардың кем дегенде 53-нің сөзсіз сөйлей алатынын анықтады. Олардың ішінде тасбақалардың, толқынды каецилиандардың және Оңтүстік Американың өкпе балықтарының барлық дерлік түрлері бар. Атап айтқанда, тасбақалар шу шығарып қана қоймайды, сонымен қатар, вокализацияның кең ауқымымен сипатталады. Кейбір түрлердің өкілдері әртүрлі жағдайларда, тіпті, 15-тен астам түрлі дыбыстар шығара алатын болып шықты. Мәселен, ұрпағына ата-ана ретінде қамқорлық танытқанда шығаратын дыбысы басқа жағдайдағы дыбысына ұқсамайды. Мамандар барлық дыбыстарды жазып алып, оларды филогенетикалық белгілерді қалпына келтіру үлгілерімен біріктірді. Осы арқылы олар шулы омыртқалылардың осы дағдыға ие болған ортақ ата-бабасын тапқысы келді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі осынау тіршілік иелерінің шамамен 407 миллион жыл бұрын өмір сүрген ортақ ата-бабалары болғанын көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат