Шыбындарға “зауал” келді...
Шыбындарға “зауал” келді...
3 күн бұрын 698 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock / Fotodom

Пенсилвания мемлекеттік университетінің ғалымдары мен олардың халықаралық әріптестері жаһандық жылынуға байланысты ғаламдық температураның көтерілуі араларға қарағанда шыбын-шіркейге көбірек әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Melittology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар ыстық ауа райының жәндіктерге, соның ішінде ара мен шыбынға тигізер кері әсерін зерттеді. Дәлірегі, олардың ыстыққа төзу қабілетінің шекті мәнін өлшеуге талпында. Яғни, жәндіктер қозғала алатын ең жоғары температураны анықтауға ден қойды. Нәтижесінде аралардың орташа есеппен алғанда шыбын-шіркейге қарағанда ыстыққа төзімді келетіні белгілі болды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аралардың ыстыққа төзімділігі Целсия бойынша 2,3 градус жоғары болған шыбындарға қарағанда. Әлбетте, аралардың адамзатқа тигізер пайдасы шыбын-шіркейге қарағанда әлдеқайда жоғары. Белсенділігі де жоғары жәндік. Десе де шыбын-шіркей аралардан кейінгі орында тұр тозаңдандыру процесінде. Экологиялық жүйенің тепе-теңдігін сақтауда бұл жәндіктің де маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат