|
"Радиациялық" қасқырлар кәрі құрлыққа қауіп төндіріп тұр
|
Миссури университеті (АҚШ) ғалымдарының топшылауынша, Чернобыл атом электр стансасы апат болған аумақтан ауып келген қасқырлар күллі Еуропаға қауіп төндіріп тұр. Нақтырақ айтқанда, Еуропадағы тұқымдастарының генін мутацияға ұшырататынын айтып, дабыл қағып отыр. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кетейік, алапат апат орын алған аумақтан адамдар қалай кетті, солай жабайы түз тағысы жайлап алған болатын. Адамнан қауіпсіз жерде өсіп-өнген тіршілік иелері енді адамзаттың өзіне қауіп төндіруде. Есеп бойынша, қазіргі уақытта радиация аймағындағы қасқырлар саны жеті есе көп көрші орман-тоғайдағы тұқымдастарына қарағанда. Жуырда ғана радиациялық сәулененуге ұшыраған 14 қасқыр қолға түсірілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті