|
Ортакей мешітінің жанында делфиндер жүзіп жүр (видео)
|
Стамбұл шаһарындағы туристер мен меймандар ағылып баратын Ортакей ауданындағы мешіттің маңынан, дәлірегі, Босфор бұғазының жағалауынан бірнеше делфин жұрттың назарын өзінен аударды. Бұл жайында түріктердің Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Әдетте бұл маңға делфиндер жолай бермейтін еді. Өйткені, туристермен қатар қайықтар мен паромдар қайшыалысып жататын. Жұқпалы індеттің өршуіне байланысты аталған төңіректе қимыл-қозғалыс саябырсыған болатын. Осыған байланысты делфиндер де төбе көрсетіп, жағалауға жақын келетін болып жүр. Осының алдында аталмыш тарихи ауданның балық тағамдарынан ас мәзірін ұсынатын мейрамханалар көп кездесетін жағалауына жақын маңдағы Галат көпірі тұсынан да делфиндер де байқалған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды