Өрмекшінің еркегі шағылысқаннан кейін ұрғашысынан қорғанатын жолды тапты (видео)
Өрмекшінің еркегі шағылысқаннан кейін ұрғашысынан қорғанатын жолды тапты (видео)
3 жыл бұрын 2603 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары Philoponella prominens деп аталатын қауырсынды өрмекші еркегінің жыныстық каннибализмнен құтылу тетігін алғаш рет сипаттады. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білесіздер, өрмекшінің ұрғашысы шағылысқаннан кейін еркегін жеп қояды. Мұндай әрекет аты айтып тұрғандай Latrodectus mactans (Қара «жамылған» жесір) деп аталатын өрмекшілер арасында жиі кездеседі. Ғалымдардың түсіндіруінше, ұрғашы өрмекші болашақ ұрпағы үшін өзін азықпен, дәлірегі, ақуыздармен әрі амин қышқылдарымен қамтамасыз ету, яғни, қорексіз қалудан өзін сақтандыру үшін осындай қадамға барады. Шағылысу кезінде өрмекшінің еркегі ұрғашысының денесінде аяқтарын бүгеді. Шағылысу аяқталғаннан кейін еркегі буындарын жазып, секундына 88,2 сантиметр жылдамдықпен серпіле секіреді. Ал ұрғашысы еркегін ұстап үлгере алмай қалады, бұл еркегіне қайыра шағылысуы үшін қайтып оралуына да мүмкіндік береді. Аталған буынаяқтылардың бір жұбы бес ретке дейін шағылысуы мүмкін. Қытай ғалымдарының айтуынша, өрмекшінің бір серпіле секіруі адамның секундына 530 метр жылдамдықпен секіруіне пара-пар, яғни, эквивалентті. Аталмыш зерттеу барысында қытай биологтері 155 рет осындай сәтті шағылысуға куә болған, осылардың 152-де өрмекші еркегі дер кезінде ұрғашысынан құтылып үлгерген серпіле секіру арқылы. Үшеуінде еркегі тұтылып, ұрғашысына жем болған. Бұл бағытта ғалымдар мынадай қызық тәжірибе жасап көрген екен: өрмекші еркегінің алдыңғы аяқтарын кесіп тастады әрі өрмекші еркегі шағылысқаннан кейін ұрғашысынан құтылу үшін, қауіпсіздігі үшін жиі пайдаланатын тор жібін босату тетігін де жауып тастаған еді. Осыдан кейін өрмекші еркегі ұрғашысымен шағылыспай қойған.

0 пікір
Мұрағат