|
Мысырлықтардың кең тараған ермегі (хоббиі)
|
Таяуда Мысыр астанасы - Каир қаласында ерекше көрме өтті. Көгершіндер көрмесінде аталмыш құстың түрлі тұқымын әрі сирек кездесетін түрлерін тамашалауға алыс-жақыннан ат арытып келгендер қарасы көп болды. Бір тәуірі, бұл шара кезінде жеңімпазға сый-сияпат немесе құрмет көрсетілмейді. Өйткені, мұнда тек әуесқойлар ғана жиналады. Тарихы тым тереңде жатқан, яғни, бірнеше ғасырға созылатын кептер бағу ежелгі Мысыр мәдениетімен тығыз байланысты. Аталмыш ел аумағында кептер бағатын мыңдаған ферма бар. Кептерді тек сәндік үшін ұстамайды, сонымен қатар, оның еті пирамидалар елінде үлкен сұранысқа ие. Кептер етін тек мысырлықтар ғана сүйіп тұтынбайды, сонымен қатар, әлемнің Франция, АҚШ, Италия, Испания, т.б. елдерде де үлкен сұранысқа ие.
,

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)