Ластанған ауа жәндіктердің тозаңдандыру процесіне кері әсерін тигізеді
|
Жәндіктер әлем бойынша азық-түлік өндірісіне тікелей қатысады. Ауыл шаруашылығының шамамен 70 пайызын (алма, құлпынай, какао, т.б.) тозаңдандыру аумағы мен қарқынына байланысты жеміс салып, түсім береді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Smithsonian Magazineақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританиядағы Рединг университетініңғалымдары бұл тарапта далада арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Нәтижесінде жәндіктерге ластанған ауаның тозаңдандыратын гүлдерді табуға кедергі келтіретінін анықтаған. Егістік алқабында тозаңдандыру үшін қара қыша отырғызылған арнайы тәжірибе алаңындағы жәндіктерді қадағалаған. Ғалымдар дизелді генератордың көмегімен құрамында азот оксиді кездесетін затты шашып, сол маңның ауасын «ластаған». Белгілі болғандай, жәндіктердің тозаңдандыру аумағы аттай 90 пайызға бір-ақ құлдыраған. Бұл тәжірибе барысында қолданылған зиянды химикаттың мөлшері өзге өңірлердегі атмосферада кезлдесетін мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда аз болғанына қарамастан.
Ұқсас материалдар:
«Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-jabaiy-aralarga-da-qauip-tondirip-tur-16250/#gsc.tab=0);
«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);
«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);
«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);
«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0)