Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері (фото+видео)
Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері (фото+видео)
4 жыл бұрын 3044

Суматра мүйізтұмсығы тұқымдастарының арасындағы ең кішкентайы. Бойы бір метрден аспайды, ал ұзындығы үш метрге де жетпейді. Ертеректе суматра мүйізтұмсығы Қытай, Малайзия, Индонезия мен Мьянма аумағын мекендеген. Ал қазір тек Суматрада қалды. Бұл жайында massaget.kz ақпарат көзі мәлім етті. 

2015 жылы әлем бойынша бар болғаны 80 бас Суматра мүйізтұмсығы қалған. Оларды хайуанаттар бағына әкелгеніне қарамастан саны көбейер емес. Cебебі, үйреншікті ортасынан тыс жерде 20 жылға дейін ұрпақ бермей өмір сүруі мүмкін.  

Жоғарыдағы картада екі мүйізді қара мүйізтұмсықтың популяциясы көрсетілген. Қызылмен белгіленген аумақта бұл мүйізтұмсықтылар жойылып кетті. Өйткені, аңшылар бұл жануардың мүйізіне бола атады. Заңсыз базарларда тұмсығы қымбат бағаланады. Ал қытайдың халық медицинасында мүйізтұмсықтың тұмсығынан түрлі емдік дәрілер жасайды. 

Туыстары секілді батпақ жерде тіршілік етіп, ары-бері секіруді ұнатпайтын шұбар ала арлекин бақасы Панама мен Коста-Риканы мекендейді. Өте әдемі әрі өте улы. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ғалымдар бақаның бұл түрін жойылып кетті деп санаған. Алайда кейін олар бастапқы мекенінен басқа жерден анықталды. Шұбар ала бақаның азаюына соңғы 20 жылдан бері тоқтамай келе жатқан саңырауқұлақ инфекциясы себеп. Бұл эпидемияның салдарынан арлекиннің саны күрт азайып кетті. 

Ханшайым Александраның желкені көбелегі 

Ұлыбритания патшасы VII Эдуардтың жұбайының құрметіне аталған. Қанатымен қоса алғанда 27 сантиметрге жетеді. Осы бір әдемі көбелек мекен ететін Папуа – Жаңа Гвинея аумағындағы орманды жаппай кесудің салдарынан олар жойылу алдында тұр.

Ғалымдар Жер бетіндегі жануарлардың қандай жылдамдықпен жойылып жатқанын есептеді. Кейінгі плейстоцен дәуірінен бері өткен 126 мың жылда сүтқоректілердің 351 түрі жойылған. Егер табиғатты қорғау бойынша жобалар қабылданбаса алдағы бір ғасырда сүтқоректілердің 550 түрі жер бетінен толық жойылып кетуі мүмкін. 

 

0 пікір
Мұрағат