Жойылу алдында тұрған қаратабанды күзен клондалды (видео)
Жойылу алдында тұрған қаратабанды күзен клондалды (видео)
4 жыл бұрын 3068 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар соңғы жылдары таңқаларлық нәтижелер көрсетіп, жетістіктен жетістікке жетіп келе жатқан гендік инженерияның жойылып бара жатқан немесе табиғатта сирек кездесетін я болмаса мүлдем жоғалған флора мен фаунаны қалпына келтіруге көмектесетініне үміт артып отыр. Бұл тарапта ғалымдар клондау әдісін қолға алып жатыр. Америкалық ғалымдар San Diego Zoo Global зертханасында сақталған генетикалық материалдар базасын пайдалана отырып, қара күзенді клондаған болатын. Оны клондау үшін 1988 жылы өлген Вилли атты жануардың генетикалық материалы пайдаланылды. Оның мүрдесі ДНҚ технологиясының енді-енді дамып келе жатқан кезеңмен тұспа-тұс келген еді. Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вилли атты күзен қаратабанды күзеннің соңғы өкілі болатын, күзендер тобында көзінің айналасы қарауытып тұратындығымен ерекшеленеді. Америкалық ранчо қожайындары мен фермерлерінің қаратанбанды күзендерге жаудай тиіп, атып, улап өлтірді. Нәтижесінде олардың тұқымы тұздай құруға айналды. Ғалымдар күзендердің бірнеше түрлерін сақтап қалған еді. Колорадо штатына қарасты Форт-Коллинздегі балық ресурстары мен жабайы табиғатты қорғау қызметінің фермасында олардың санын 1000-ға дейін жеткізе алған еді. Олар АҚШ, Канада әне Мексика аумақтарына жіберілген болатын, алайда, генетикалық әр алуандылықтан ада болғандықтан олардың тірі қалуына белгілі бір қатер төнген болатын.

 

0 пікір
Мұрағат