Жауын құрттары мен кенелерге жойылу қаупі төнді
|
Топырақтың ластануына байланысты жерасты организмдерінің популяциясына жойылып кету қаупі төнген. Бұл жайында islam.kz порталы iScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климатологтардың жаһандық жылынуға байланысты бұрынғы болжамы орындалмады. Канада, Нидерланды және Германия ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес ауа температурасының көтерілуінен және егістік алқаптарының кеңеюінен орман жамылғысы жоғалса да, топырақ улы заттармен ластанса да жауын құрттары мен кенелерге зиян келтірмейді. Алайда, нақтысында пестицидтер, ауыр металдар мен пластмассалар топырақ құрамындағы организмдерге аса қауіпті болып шықты. Десе де ғалымдар бұл ретте органикалық тыңайтқыш пен түрлі топырақ жамылғысының (ағаш жаңқалары мен үгінділері, көң, сабан, т.б.) топырақты көміртекпен байытып, қоректік заттарды қалыптастыратынын алға тартып отыр. Ал бұл өз кезегінде жауын құрттарының жойылу қатерін сейілтіп, топырақ құрамы мен құрылымын жақсартып, құнарлығын арттырады.