Жарыққа шағылыспайтын балық таспаға тартылып қалды (видео)
Жарыққа шағылыспайтын балық таспаға тартылып қалды (видео)
11 ай бұрын 1383 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Монтерей шығанағы аквариум ғылыми-зерттеу институтының (MBARI) ғалымдары Калифорния жағалауында табиғатта аса сирек кездесетін балық аулайтын балықты кездестірді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таспаға тартылып қалған бейнедегі көріністе балықтың сұлбасы ғана көрсетілген - терісі қазанның түп күйесіндей қап-қара, жарықты шағылыстырмай, барлығын дерлік сіңіріп алатын қара құрдымға ұқсайды. Бұл ерекше көрініс осы күзде су бетінен есептегенде 781 метр тереңдікте таспаға тартылып қалған екен. Өзгеше теңіз жануары Oneirodes балық аулайтын балық тұқымдасына жатады.

Ұқсас материал:

«Жаратылыс құпиясы: көбелек қанатындағы қара құрдым» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jaratylys-qupiyasy-kobelek-qanatyndagy-qara-qurdym-13363/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат