Жануарларға ең қауіпті ел аталды
|
Экономикасы қарқынды өсу үстіндегі, урбанизация процесі қарқынды жүріп жатқандықтан қоршаған ортасы қатты ластанған Қытай аумағы жануарларға ең қауіпті тршілік ету ортасына айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл фактіні Қытай халық республикасының экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілігімен бұл тарапта арнайы зертеу жүргізген ғалымдардың өзі растап отыр. Биологиялық түрлердің табиғи ортасына антропогендік факторлардың белсенді әсерінен осы ел аумағында тіршілік ететін барлық жануар жойылу алдында тұр. Дәлірегі, қалалар мен инфрақұрылымның шапшаң дамуынан ел аумағындағы шаммен 4300 биологиялық түрге жойылу қатері төніп тұр. Жабайы жануарларды тіршілік ету ортасынан ығыстырып қана қоймай, сонымен қатар, жердің сипатын өзгерту салдарынан омыртқалы жануарлардың тұтас популяциясына қауіп төнген.