Жаһандық жылынудан қырылып қалмай, керісінше өсіп-өнетін жануар анықталды
Жаһандық жылынудан қырылып қалмай, керісінше өсіп-өнетін жануар анықталды
2 жыл бұрын 3838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі жануар климат өзгерісінің теріс әсерін сезінеді, алайда, бұдан ұтатын, яғни, пайда көретін жалғыз жануар анықталды. Ол – шұбар жыландар немесе сылдырмақ жыландар. Бұл жайында islam.kz порталы Ecology and Evolution мерзімді баслымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лиус жәәне Кларк мұрасы қоры мәліметі бойынша шұбар жылан – әлемдегі ең белгілі жылан түрі, әдетте олар адаммен кездесуден қашады. Ал өзіне қауіп төнсе, алдымен ерекше құйрығын шайқап барып шабуылдайды. Ғалымдардың топшылауына, бауырымен жорғалаушылардың бұл түрі күн ысыған сайын, яғни, жаһандық жылыну қарқын алған сайын аз ұйықтап, жемтігін іздеп, жиі жортуылға шығады. Шұбар жылан – салқынқанды рептилия. Көбінесе шөл және шөлейт аймақтарда тіршілік етеді. Басқа аймақтарға қарағанда жылы болып келетін тропикалық белдеуде жиі кездеседі. Дегенмен, сылдырмақ жыландар ыстық ауа райының пайдасын көрсе де, ғалымдардың болжауынша, тиіндер мен кесірткелер азайғандықтан, оларға қоректену қиынға соғады. Бауырымен жорғалаушылар орман өрттерінің көбеюі мен су тапшылығының құрбаны болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат