Бұрын беймәлім болып келген алып медуза табылды (видео)
|
Дориан Боршердс есімді дайвер Папуа – Жаңа Гвинея жағалауынан жартылай мөлдір медузаны таспаға тартып алды. Бұл жайында islam.kz порталы ABC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған теңіз жануары осыдан ширек ғасыр бұрын соңғы рет көрінген тіршілік иесіне ұқсайды. Алайда, Лиза-Енн Гершвин есімді биолог таспаға тартылып қалған бейнесін зерттей келе бұл жолы басқа түрі кездескенін алға тартты. Әзірге теңіз жануарының атауы қойылған жоқ. Табылған медузаны көз жасы тәрізді етіп сипаттап отыр, бүйірлерінде өрнек салынған. Оның көлемі футбол добындай. Жаңа түр Chirodectes maculatus медузасына ұқсайды. Оны жалғыз рет 1997 жылы Австралия жағалауындағы Үлкен тосқауыл рифінде қолға түсіріп, теңіз жануарын зерттеген болатын.
1997 жылы табылған Chirodectes maculatus медузасы