Бүгінгінің қаһарманы (фото)
|
Калифорния штатының жас биологы Тим Вонг адамзат үшін ерен ерліктің үлгісін көрсетті: ол тұқымы тұздай құрып бара жатқан көбелектің бір түрін жойылудан аман алып қалды. Оның тәжірибесі өз нәтижесін берді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді.
Тим Вонг бала кезінен бері жәндіктерге әуес болды. Калифорниядағы ғылым академиясын бітірген соң ол бар жиған-терген білімін іс жүзіне асырғысы келді. Калифорниялық көгілдір махаон деп аталатын көбелек түрі бұрын жойылудың аз-ақ алдында тұрған болатын. Мұндай көбелекті табиғатта сирек кездестіресіз. Тим Вонг табиғатта онсыз да сирек кездесетін бұл көбелек түрін құтқару үшін қолынан келгенін бәрін істеді. Көблекті жойылудан аман алып қалу үшін ол ауласына жылыжай тұрғызып, көбелектің 20 личинкасын тауып алып, сонда орналастырып, бар уақытын соларды қадағалауға жұмсайды. Тим Вонгтың жылыжайы көбелектердің қолайына жағып, өсіп-өне бастады. Бірнеше жылдың ішінде Тим Вонгтың жылыжайынан жүздеген көбелек бостандыққа жіберілді. Оның бұл шағын фермасы әлі күнге жұмыс істейді. Көбелектердің көбісін еркіндікке жіберіп, кейбіреуін алып қалады – ұрпақ өрбітуі үшін.
Тим Вонг фото сурет арқылы көбелектің қалай өсіп-өнетінін көрсетті