Бір жыл ішінде екі мың түр Қызыл кітапқа енгізілген
Бір жыл ішінде екі мың түр Қызыл кітапқа енгізілген
1 жыл бұрын 694 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жойылу қатері төнген жануарлар мен өсімдіктер, құстар, т.б. орагизмдер тізімі қамтылған Қызыл кітап 2022 жылдан бері екі мың түрмен толықтырылды. Яғни, тағы екі мың түрлі тіршілік иесіне жойылу қатері төнген. Бұл жайында islam.kz порталы экологиялық ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Дубай қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйытқы болуымен өткен климат дағдарысына байланысты алқалы жиында осындай дерек келтірілді. Бүгінде аталмыш тізімге 157 190 түр енгізілген, оның 44 016-на жойылып кету қатері төніп тұр. Жаңартылған тізімге негізінен тұшшы су балықтары кіреді және олардың 25 пайызы (14 898-дің 3 086-сы) жойылып кету алдында тұр. Бұған тіршілік ету ортасының ластануы, бөгеттер салу мен суды табиғи арнасынан бұру, шамадан тыс балық аулау, инвазивті түрлер мен аурулар, климаттың өзгеруіне байланысты теңіз деңгейінің көтерілуі себеп болуда. Сонымен қатар, бақаларға, саламандрларға және басқа да қосмекенділерге жойылу қатері төніп тұр (осы түрлердің шамамен 41% -ына қауіп төніп тұр).

0 пікір
Мұрағат