Аятолла үй жануарларына «соғыс» жариялады
Аятолла үй жануарларына «соғыс» жариялады
4 жыл бұрын 2315 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран билігі соңғы уақытта хайуанаттар дүкенін жаптырып, автокөлікте жүргізушіге өзімен бірге мысығын немесе итін алып жүруге, сондай-ақ, қоғамдық орындарда үй жануарларымен серуендеуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Al Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұма уағызында шиғалар елінің рухани көсемі аятолла Әлі Хаменейдің ресми өкілінен саналатын имамдар, соның ішінде Йезд қаласындағы бас мешіт имамы Мұхаммед Реза Нәсер мысық пен итті зәру жағдайда (тышқан аулау, үй күзету, т.б.) болмаса үйінде ұстауды батыстың қаңсығы деп санап, елдегі ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарына залалын тигізіп жатқанын жеткізді. Адам тұқымын құртудың бір амалы ретінде қарастыратынын да жасырмады. Бұдан бөлек, ол Парсылар елінің медицина ғылымы университетінде сөйлеген сөзінде де ит пен мысық азығына, үй жануарларын емдейтін ветеринарлық емхана үшін арнайы қаржы бөлуді де қатаң сынға алды. Осылайша Иран билігі батыстың қаңсығын таңсық көретін өз азаматтарын жабайы әдеттен жеріндіруге күш салып жатыр. Тіпті, 2014 жылдың өзінде Иран билігі мұндай жат әдетпен күресті бастаған болатын. Үйінде ит асырағандарға 74 мәрте дүре соғылатын немесе аса ірі мөлшерде айыппұл салу қарастырылған заңды қабылдамақ та болған еді. Ол ол ма, бұл заң жобасы 2011 жылы да қабылдана жаздаған. Бұл заң талаптары фермелерге, күзетшілерге, малшыларға, полицияға, лицензиясы бар аңшыларға жүрмейді.

0 пікір
Мұрағат