Аралар билеуді қойып кетті (видео)
Аралар билеуді қойып кетті (видео)
6 жыл бұрын 3555 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аралар өзге ұяластарына қорек табылған аумақ пен ондағы азықтың мөлшері, т.б. ақпараттарды жеткізу үшін билейді. Алайда, кейінгі кезде аралардың билеуді қойғанын байқаған Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары мұны ауыл шаруашылығында жерді тыңайту үшін және зиянкестерден астықты қорғау үшін пайдаланатын пестицидтен, соның ішінде «неоникотиноид" деп аталатын тыңайтқыштан көріп отыр. Бұдан бөлек, биологтар бал жинайтын жәндіктердің жылдан жылға азайып келе жатқанына назар аударыпты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2006 жылдан бері жыл сайын аралардың шамамен үштен бірі жойылады. «Имидаклоприд» деген атпен белгілі неоникотиноидті пайдалануға бірқатар еуропалық елдерде тыйым салынған. Имидаклопридтың аз дозасының өзі араның қорек таңдауына әсерін тигізеді. Яғни, тым талғампаз болып кетеді. Бұл жайында Дарен Эйри есімді аспиранттың бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде айтылған. 

"Басқаша айтқанда, аралар неғұрлым тәтті нектардан қоректеніп, тәттілігі аз нектарға жоламайды. Тәттілігі төмен нектар күллі аралар колонниясын азықпен қамтамасыз ететін қорға ие",,- деп түйіндепті ол ойын. 

0 пікір
Мұрағат