Әлемде қанша барыс бары айтылды
|

Күллі әлем бойынша қар барысының саны 4 жарым мың,а жетіп қалды. Бірінші орында Қытай тұр – шамамен 2 жарым мыңдайы аталған ел аумағынан табылады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал қар барысының саны жағынан екінші орыннан Моңғолия көрінген – қар барысының жалпы санына шаққанда 20 пайызы. Негізінде моңғол жеріндегі қарсы барысы Саян тау сілемдерінде, Гоби Алтайда, Ханғайда, Моңғол Алтай тауында кездеседі. Қар барысының Қазақстандағы қарасы шамамен 180-нен асады. Мысық тұқымдасына жататын осынау жыртқыш Қытай мен Моңғолиядан және Қазақстаннан өзге, Ауғанстанда, Пәкістанда, Бутанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Непалда, Тәжікстанда, Үндістанда және Ресейде мекендейді. Таулы аймақта тіршілік ететін жыртқыштың қорегі – арқар, тау ешкісі, қоян, т.б. Халықаралық табиғатты қорғау одағының қар барысын жойылу қатері төнген жануарлар санатына (Vulnerable, VU), яғни, Қызыл кітапқа енгізген. Денесінің ұзындығы 103-130 сантиметрге жететін, салмағы 23-41 келі тартатын, секіру биіктігі 14 метрге дейін жететін қар барысы 10-13 жыл өмір сүреді.