Адамдар кесірінен аралар шағылысудан қалып барады
Адамдар кесірінен аралар шағылысудан қалып барады
3 жыл бұрын 1778 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жүргізген бұл тараптағы алғашқы зерттеу нәтижесінің өзі уыты аз фунгицидтің ааралардың шағылысу кезеңіне кері әсер етіп, адамзатқа аса пайдалы жәндіктің өсіп-өнуіне кедергі келтіретінін көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Applied Ecology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аралар жер бетіндегі аса маңызды өсімдіктерді тозаңдандырушы жәндік. Оларсыз адамзаттың күні қараң. Соған қарамастан олардың популяциясы жыл өткен сайын азайып келеді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұған ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын пестицид кінәлі. Таяудағы зерттеу нәтижесінен химикаттардың аралардың өсіп-өнуіне теріс әсерін тигізетіні анықталды. Араларда еркегі ұрықтанбаған жұмыртқадан, ал ұрғашысы еркегі мен ұрғашысының шағылысуынан пайда болады. Ғалымдар аралар популяциясының азаюына қандай фактордың ықпал етіп отырғанын анықтап көрмек болды. Бұл бағытта ғалымдар жәндіктержің өсіп-өнуінің ерте кезеңіне назар аударды. Ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізіп, мүйізді масон араларды (Osmia cornuta) уыты аз фенбуконазол фунгицидінің әсеріне ұшыратып көрген екен. Фунгицид әдетте өсімдіктерді зең мен саңырауқұлақ паразиттерінен қорғау үшін пайдаланады. Мүйізді аралардың ұрғашысы шағылысар кезде еркек серігін оның иісі мен діріліне назар аударады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Сэмюэл Бофф есімді ғалымның сөзіне қарағанда, фунгицид әсерінен сапасы төмендеген ара еркегін ұрғашысы қабылдамайды. Дәлірегі, пестицидтің кері әсерінен аралардың омырау бұлшық етінің дірілі кемиді, бұдан бөлек, араның иісі де өзгеріп кетеді.

Ұқсас материалдар:

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Ластанған ауа жәндіктердің тозаңдандыру процесіне кері әсерін тигізеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/lastangan-aua-jandikterdin-tozandandyru-protsesine-keri-aserin-tigizedi-16347/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер азайып барады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jandikter-azaiyp-barady-16660/#gsc.tab=0);

 «Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jandikterdin-40-paiyzy-joiylyp-ketti-endi-tagy-ushten-biri-qyrylady-13177/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-jabaiy-aralarga-da-qauip-tondirip-tur-16250/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);

 «Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0)   

0 пікір
Мұрағат