Жануардан сауылмаған нағыз сүт пайда болды
Жануардан сауылмаған нағыз сүт пайда болды
3 жыл бұрын 1919 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануардан сауылмаса да нағыз сүт көп ұзамай АҚШ-тағы дүкен сөрелеріне қойылады, яғни, саудаға шығарылады. Бұл жайында islam.kz порталы Perfect Day (perfectday.com) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды сүттің өсімдіктен алынған  түрі бар, бұл сүт оған да жатпайды. Бұл сүт ерекше микрофлора арқылы бөлінетін сарысу ақуыздарынан тұрады - сиыр сүтіндегідей. Сиырдан сауылмаған өзгеше сүт –тағам өнімдерінің экологиялық баламасын жасауға ден қойған, Betterland food деп аталатын жаңа компанияның алғашқы өнімі. Аталмыш компания бұл тарапта жануардың сүтінсіз сүт өнімдерін дәмді ету жолдарын қарастырған екі веган (жануардың еті мен  сүтін, терісін, мүйізін, т.б. тұтынбайтын адам) 2014 жылы құрған Perfect Day компаниясымен бірігіп жұмыс істейді. Олардың ең басты жаңалығы – сиыр сүтінің негізгі элмементін анықтай алуында жатыр. Сиыр сүтінің құрамында кездесетін барлық компоненттерді басқа көздерден алынған аналогтармен ауыстыруға болады, бірақ, сарысу ақуызын тек жануарлар шығаратынын айта кету керек осы тұста. Міне, осыны ескерген Perfect Day ғалымдары дәл ашыту арқылы сиыр сарысуының протеиндерін (ақуызын) алу үшін саңырауқұлақ ойлап тапты. Сүт сарысуының ақуызын өндіру – жануарсыз сүт өнімдерін алудың алғашқы баспалдығы ғана. Екі жаңа өнім – толықтай сүт өнімі және қосымша кілегейлі сүт. Оның құрамында кәдімгі сиыр сүтіне қарағанда 8 г ақуыз және 67%-ға аз қант бар, сонымен қатар, оның құрамында лактоза мен холестерин болмайды.

0 пікір
Мұрағат