Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды
|
Жаһандық жылыну жәндіктер әлеміне тікелей қатер төндіріп тұр – олар өз денесінің қызуын реттей алмайтындықтан қызып кетуден жаппай қырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта таяуда жүргізілген зерттеу дерегіне қарағанда, тіпті, планетаның солтүстік ендігінде тіршілік ететін жәндіктер де бұл қатерден аман қалмайды. Жәндіктер өз денесінің қызуын реттеуге қабілетсіз болғандықтан қоршаған орта факторы оларға қатты әсер етеді. Аталмыш зерттеу барысында Швеция аумағында тіршілік ететін шегірткелердің екі түрін зерделенген болатын. Климат өзгерісіне қаншалықты бейімделе алатындығын тексеру мақсатында. Ғалымдар табиғи ортада нысанның температурасын өлшеуге мүмкіндік беретін технологияны қолданды. Аталған түрлердің салыстырмалы түрде төменгі температурада (15 – 20°С) тірі қалу мүмкіндігі жоғары әрі ұрпақ өрбіту қабілеті 30°C-қа дейінгі температурада артқан. Осылайша олардың аман қалу мен ұрпақ өрбіту арасындағы температуралық тәуелділікке қатысты конфликтінің бары анықталып отыр. Десе де осынау зерттеуге жетекшілік еткен Лунд университетінің биология кафедрасының , профессоры Эрик Свенссон шегірткенің жылу стресіне төтеп бере алмайтынын алға тартып отыр. Жәндіктер – салқынқанды омыртқасыз тіршілік иесі болғандықтан олар өз денесін жылыту үшін сыртқы жылуға көп мұқтаж келеді.