Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі
|
Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі 2025 жылы 35%-ға дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш агенттіктің ресми сайтына (iea.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) электр энергиясына сұраныс 2024 және 2025 жылдары жеделдетілген қарқынмен өседі, деп есептейді. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қажеттіліктердің басым бөлігі жаңартылатын энергия көздерімен қанағаттандырылады: жартысы - күн электр стансалары, тағы бір ширегі – жел стансалары есебінен. Ұйым сарапшылары биыл және келесі жылы жаһандық электр энергиясын тұтыну деңгейі 4 пайызға артатынын болжап отыр. Бұл 2007 жылы жаһандық экономикалық дағдарыс басталғаннан бергі соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін алсақ, 2023 жылы бұл тараптағы сұраныс 2,5%-ға өсті. ХЭА тұтынудың өсуін экономиканың тұрақты өсуімен және электр көліктері мен жылу сорғылары сияқты электр қуатымен жұмыс істейтін технологияларды қабылдаумен байланыстырады. Энергияны тұтынуға климаттың өзгеруі де әсер етеді - жылу толқындары үйдегі желдеткішті және өндірісте салқындату қондырғыларын белсенді пайдалануға әкеледі. Оң фактор ретінде сарапшылар энергетика саласындағы өсімнің басым бөлігін күн электр стансалары мен жел электр стансалары қамтамасыз ететінін атап өтті. Нәтижесінде 2025 жылдың өзінде тарихта алғаш рет жаңартылатын энергия өндірілетін қуат бойынша көмірден асып түседі. Жаңартылатын көздер барлық электр энергиясының шамамен 35%-ын құрайды