Жалпы ішкі өнімді бағалау шкаласын өзгертуді ұсынды
Жалпы ішкі өнімді бағалау шкаласын өзгертуді ұсынды
2 жыл бұрын 2549 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Чикаго университетінің ғалымдары елдердің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) деңгейін бағалаудың жаңа әдісін ұсынды. Доктор Луис Мартинестің айтуынша, спутниктік суреттерден алынған елдің жарықтандыру деректері бұған көмектесе алады. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Луис Мартинес экономика өскен сайын үйлер, зауыттар, көше шамдары көбейетінін атап өтті. Аты аталған сарапшының айтуынша, суреттерден жалпы ішкі өнімнің нақты көрсеткішін анықтау мүмкін емес, десе де елдің жарықтандыру динамикасы ресми деректер мен шынайы көрсеткіш арасындағы сәйкессіздікті (айырмашылықты) көрсетуі мүмкін. Ғалымдар, сонымен қатар, спутниктік деректер мен елдердің ЖІӨ көрсеткіштерін олардың «еркіндік және еркіндік деңгейіне» қарай бағалады. Олардың айтуынша, авторитарлық елдерде бұл көрсеткіштер арасындағы орташа алшақтық 35 пайызды құраған. Ғалымдар «еркін емес» елдерге Ресей, Қазақстан, Катар және басқа да бірқатар елдерді жатқызды.

0 пікір
Мұрағат