Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейды
Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейды
4 жыл бұрын 6095 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жалғыздық – постиндустриялық кезеңнен кейін әлеуметтік дерт ретінде алға шығып, технологияның дамуымен күрделі сипат алған, еңсерілуі қиын проблемаға айналды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалғыздық адам денсаулығына, жайлы өмір сүруіне, ғұмыр жасына, сондай-ақ, жалпы қоғамның өсіп-өркендеуіне кері әсерін тигізетін дерт ретінде сипатталады. Жалғыздық адамға жат емес, адамға тән сезім. Алайда, адамның биологиялық жасына қарай оның өршитін кезі болады. Сонымен қатар, жалғыздық тек адамның жасына қарай емес, күрт өзгерістер шапшаң орын алатын жерде тереңдей түсетін, яғни, семіздік індеті секілді тұтас қоғамды дағдарысқа алып келетін дертке айналғалы қашан. Осыны ескерген Калифорния университетінің Медицина мектебінің ғалымдары адамның жасына қарай күшейіп отыратын және басылатын жалғыздық сезімін тудыратын психологиялық әрі қоршаған орта факторларын жан-жақты сараптап, зерделеп, бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген екен. Жалғыздық бүгінде адам денсаулығына тигізер теріс ықпалы бойынша экологиялық, экономикалық факторлардан кем түспейтін әлеуметтік дерт. Ғалымдар зерттеу барысында 20-69 жас аралығындағы 2843 америкалық азаматтар арасында онлаин форматында сауалнама жүргізген екен. Сауалнама нәтижесі бойынша алынған мәліметтер көмегімен адам жалғыздықты қай кезде өткір сезінетінін көрсететін карта жасалды. Белгілі болғандай, жалғыздықтан 20 жастың ар жақ-бер жағындағылар жапа шегетін болып шықты. Ал 60 жаас шамасындағылар мұндай сезімнен аз зардап шеккен. Ғалымдардың аталған зерттеу негізінде тоқтаған тұжырымы бойынша барлық жастағы адамдар бойында жалғыздықтың тереңдеуіне қосағының немесе досының болмауы, сондай-ақ, күн режиімінің бұзылуы тұрақты әсер ететін факторлар ретінде алға шыққан. Ал жастар әлеуметтік теңсіздік, т.б. факторлар бойынша стресс алғаннан немесе қандай да бір қысымнан жалғыздықтың торына барып түсетіні белгілі болған. 40 жастан асқандар арасында денсаулығы сыр бергеннен, сондай*-ақ, балалары ержетіп немесе бойжетіп, өзінен алыстаған сайын жалғыздық иектейтіндер қарасы көп болып шыққан. Ғалымдар өздері жасаған карта негізінде жалғыздыққа себеп болатын факторлармен күресудің стратегиясын әзірлеуді жөн көріп отыр.

0 пікір
Мұрағат