Жаһандық жылыну адамзатты жоя ма
Жаһандық жылыну адамзатты жоя ма
3 жыл бұрын 2109 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Chatham House талдау орталығы жаһандық жылыну мен климат өзгерісінен болатын ғаламдық апаттан адамзаттың құтылу мүмкіндігін саралапты – бір пайыздан аспаған, адамзат бұл апаттың алдын алуда тым кешігіп қалған. Тіпті, Цельсия бойынша екі градусқа көтерілуінің өзін сақтап қалу мүмкіндігі бес пайыздан аспаған. Сарапшылардың есебінше, ауа температурасы Цельсия бойынша бес градусқа дейін көтерілмек. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі дерек көздері мен Live Science ғылыми ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, климат дағдарысын барынша тежеп ұстаған күннің өзінде адамзат алдағы 30 жылда оның салдарынан қашып құтыла алмайды: тасқын-сел, құрғақшылық (ауыл шаруашылық өнімдерінің үштен бірін қысқартады, бұл жайт өз кезегінде әлемлегі азық-түлік қауіпсіздігін жойуы мүмкін), климаттық миграция, т.б. Бұдан бөлек, аптап ыстықтан тікелей өлетіндер немесе жанама әсерінен, яғни, аптап ыстықтан аурулардың асқынуынан, ауызсудың тапшылығынан, өзге де ресурстардың таусылуынан, су тапшылығына байланысты тазалық талаптарының сақталмауынан өлім-жітім бірнеше есеге артады. Пенсилвания университетінің атмосфера ғылымының профессоры  Майкл Манның айтуынша, жануарлар мен өсімдіктердің орасан зор бөлігі жойылады, алайда, адамзат шығын болғанымен аман қалады. Десе де климат өзгерісі жүз миллиондаған адамның өмірін қатерге тігеді. Жоғарыда айтылған себептер бойынша. Нәтижесінде әлемдік гуманитарлық дағдарыс тереңдеп, ресурсқа талас-тартыстан қарулы қақтығыстар жиілейді. Ал Кембридж жоғарғы оқу орнының ғыоыми қызметкері Люка Кемпа атмосфераға шектен тыс бөлінген парникті газдың адамзатты жойып жібере алатын қатерін жоққа шағырмайды. Мұндай қатер жаһандық жылынуға байланысты артатын атмосферадағы су буының мөлшерінің ауа температурасының көтерілу деңгейіне жетсе, орын алмақ. Алайда, бұл процесс әлемдік мұхиттағы судың соңғы тамшысы қалмай буланғанша болатын процесс – жер бетінде тіршілік тоқтайды. Мұндай бу эффектісі қауіп төндірмейді, өйткені, көмірқышқыл газының деңгейі миллионға шаққанда бірнеше мың бөлікке жетуі керек. Ал бұл көрсеткіш бүгінгі таңда бір миллионға шаққанда 400 бөліктен сәл ғана артық. Климат өзгерісі тікелей қауіп төндірмесе де оның жанама әсерінен адамзат қырылуы мүмкін екенін де жоққы шығармайды: таусылуға шақ қалған ресурсқа талас-тартыста аппай қырып-жоятын қару іске қосылып, адамзат жойылуы мүмкін. 

Ұқсас материал: 

«Жаһандық жылыну: адам организмі қанша температураға дейін төзе алады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-adam-organizmi-qansha-temperaturaga-deiin-toze-alady-15572/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат