Израил әскері жаңа қаруын көрсетті (видео)
Израил әскері жаңа қаруын көрсетті (видео)
6 ай бұрын 595 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің қорғаныс әскері Таяу шығыс аймағындағы ең қуатты әрі осы заманғы озық технологиямен жабдықталған қару-жараққа ие. Таяуда ЦАХАЛ (Израилдің қорғаныс әскері) 80 шақырымға дейінгі нысананы атып түсіре алатын, өздігінен жүретін жаңа қондырғысын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил қарулы күштері Газа секторындағы әскери операция кезінде экспорттық нұсқасында «Сигма» деген атпен белгілі, өздігінен жүретін «Ром» гаубицасын пайдалана бастады. Израилдің «Елбит» қорғаныс концерні шығарған бұл қару осындай қару түрлерінің ең озығы саналады. «Роем» толық автоматтандырылған зарядтау және бағыттау жүйесімен жабдықталған, ол минутына 8 мәрте ату жылдамдығына және 40 шақырымға дейін тиімді атыс қашықтығына, ал белгілі бір жағдайларда - 80 шақырымға дейін нысананы жоюға мүмкіндік береді. Гаубица бар болғаны 60 секундта қозғалыс режимінен жауынгерлік режимге ауыса алады, яғни, жедел (оперативтілігін) операциялық дайындығын айтарлықтай арттырады. Roem-тің ерекшелігі – зеңбірек оқтары мен модулдік зарядтарды қамтитын интеграцияланған автоматты тиеу жүйесінің арқасында әрбір нақты тапсырма үшін снарядтың дұрыс түрін автоматты түрде таңдау және жүктеу мүмкіндігі. Америкалық Oshkosh компаниясының доңғалақты платформасында орнатылған Roem шынжыр табанды осындай қару түрлерімен салыстырғанда жоғары маневрлік қабілет пен жылдамдыққа ие. Өздігінен жүретін зеңбіректің кабинасы баллистикалық және өзге де зымырандардың жарықшақтарынан, сондай-ақ, жаппай қырып-жоятын қарудан қорғалған, сонымен бірге, экипаждың жайлылығы үшін желдеткішпен жабдықталған.

0 пікір
Мұрағат