Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды
Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды
4 жыл бұрын 2600 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әлем бойынша 1,4 млрд-тан аса ірі қара бар, атмосфераны ластаудағы мал шаруашылығының үлесі 10%-ға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ірі қара бөлетін метан газынан да атмосфераның ластану деңгейі көтеріледі. Осы проблеманы шешу үшін британдық-швейцарлық Mootral компаниясы пияз бен цитрусты жемістердің экстрактісіне негізделген ірі қара жеміне арналған қоспа жасады.  Ол метан газының бөлінуін азайтуға мүмкіндік береді. Дәлірегі, сиырдың асқазанына түскен соң жем қоспасындағы арнайы зат метан газының пайда болуына тосқауыл қояды. Бұл қоспа қазіргі уақытта Англияның фермаларында сынақтан өтіп жатыр. Әзірге нәтижесі жаман емес – метан газының бөлінуі бірнеше есеге кеміген. Mootral мамандары ендігі жерде өздерінің бұл тәсілін тек сиырға ғана емес, сонымен бірге, өзге де мүйізді мал түрлеріне қолданып көруді ұйғарып отыр.

0 пікір
Мұрағат