Иранда қазақстандықтар үшін 14 күндік визасыз режим енгізіледі
Иранда қазақстандықтар үшін 14 күндік визасыз режим енгізіледі
2 жыл бұрын 1177 inform.kz Фото: pinterest.com

Қазақстандықтар әр жарты жылда Иранда 42 күнге дейін визасыз жүре алады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның брифингінде аталған келісімнің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл біздің азаматтарымызға Иранның аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді», -деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол осыған ұқсас келісім Үндістан жәнеҚытай елдерімен де орнатылғанын айтты.

«Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі №464 қаулысымен қолайлы ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай және Үндістанның азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді. Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстанның аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді», - деді СІМ ресми өкілі.

Бұл ретте Айбек Смадияров қазақстандықтарға 180 күн ішінде 14 күннен 42 күнге дейін визасыз болу мүмкіндігін ұсыну келісімі тек Иранмен ғана орантылғанын нақтылады.

0 пікір
Мұрағат