Иондық қозғалтқышы бар жаңа буынның «үнсіз» дроны (видео)
Иондық қозғалтқышы бар жаңа буынның «үнсіз» дроны (видео)
3 жыл бұрын 1703 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ventus ұшқышсыз ұшатын аппараты қозғалтқыштарды қозғалыссыз көтеру үшін ауаны иондандырады. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Флоридадағы Undefined Technologies компаниясы пропеллердың орнына ионды қозғалтқыш пайдаланылатындықтан дыбысы шықпайтын коммерциялық беспилотниктің келесі буынын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл бағытта екі мәрте тәжірибе жүргізілген әрі сәтті шыққан. Аталмыш жоба шамамен 2 млн долларға қаржыландырылып отыр. Төмендегі видеодан жаңа прототиптің әуедегі көрінісін тамашалай аласыз, алайда, видео монтаждалғандықтан ұшу ұзақтығын нақты тексеру мүмкін болмай отыр. Бұған қоса, оның 100% дыбыс шығармай ұшады дегенге де сену қиын. Undefined Technologies компаниясының өкілдері бұрынғы түрлеріне қарағанда жаңа прототиптің әлдеқайда тыныш ұшатынын мәлімдеп отыр. Дизайны да бұрынңы прототиптерінен айрықшаланған. Бұрынғы прототипі шамамен 25 секунд ұшып, дыбысы шамамен 90 децибилді құраған болатын. Undefined Technologies мамандарының айтуыннша, жаңа Ventus дроны екі жарым минуттай ұшқан әрі дыбыс көрсеткіші 85 децибил болған. Түпкі нұсқасы шамамен 70 децибил болуы мүмкін. Undefined Technologies компаниясының негізін қалаған әрі бас директоры Томас Прибаниктің сөзіне қарағанда, Silent Ventus — қалалық жердегі шуды азайту үшін осындай барынша дыбыссыз ұшатын аппаратты жасауды мақсат еткеннен пайда болған дрон.

0 пікір
Мұрағат