Инженер өзінің келбеті мен мимикасын айнытпай көшіретін немесе қайталайтын алты роботты құрастырды (видео)
Инженер өзінің келбеті  мен мимикасын айнытпай көшіретін немесе қайталайтын алты роботты құрастырды (видео)
26 күн бұрын 436 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Хироси Ишигуро есімді жапон инженері 18 жыл ішінде өзінің 6 роботталған клонын құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы futurism.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы нұсқасы саналатын Geminoid HI-6 Ишигуроның сыртқы келбетіне ғана ұқсамайды, сонымен қатар, робот бет-әлпетіндегі өзгерістерді көшіріп, жасанды зерде көмегімен сқхат жүргізеді. Андроидтың соңғы нұсқасы Осака университетінің зертханасында орнатылған және өз бетінше дәрістер жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап бере алады. Айрықша робот силиконды терімен қапталған. Мұндай тері тактилді сезіну (бес негізгі сезімнің бірі. Ыстық пен суықты, жанасуды, ауырсынуды, қысымды сезінуге мү кіндік береді) тұрғысынан адам терісіне барынша жақын, икемді – адамның бет-әлпетіндегі өзгерісті қаз қалпында қайталауға мүмікдік береді. Андроидтың жасанды зердесі ондаған кітап және Хироси Ишигуромен көптеген сұхбат негізінде оқытылғандықтан роботқа салмақты әңгіме жүргізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, роботтың дауысы әлі де қожайынының дауысынан өзгешелеу. Бұл бағыттағы әлі де жетілдіру жұмыстары жүргізілетін болады. Хироси Ишигуроның айтуынша, бұл нұсқаның ең басты ерекшелігі — тілдесе алатын қабілетке ие. Алғашында бұл роботты  қолым босаамағанда дәріс беру үшін пайдаландым. Ал қазіргі уақытта дәрістен беруден бөлек Geminoid HI-6 тыңдармандардың сұрақтарына жауап бере алады. Geminoid HI-6 жалпы 53 еркіндік дәрежесіне ие және адам мінез-құлқының әр түрлі формаларын, негізінен жоғарғы дене қимылдарын, бет-әлпеттегі өзгерістьерді сала алады. Биіктігі 50 см және ені 25 см болатын робот 16 пневматикалық актуариге ие және сырттқы электр қуатымен жабдықталған. Жапон ғалымының айтуынша, бүгінде адамға мейлінше ұқсайтын роботтарды жасаудың маңызы зор: робот адамға неғұрлым ұқсаса, қоғамның бір бөлігіне айналуға мүмкігдігі жоғары болмақ.

0 пікір
Мұрағат