Халал криптовалюта пайда болуы мүмкін
|
Екі жыл ішінде Ресей Федерациясында халал криптовалюта пайда болуы мүмкін. Бұл жайында Ресей мүфтилер кеңесі аппаратының жетекшісі әрі ислами экономика және қаржы жөніндегі кеңесші Мәдина Калимуллина ТАСС ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлім етті. Оның айтуынша, ел білетін дәстүрлі криптовалюта сипаты оның халал түрін шығаруға мүмкіндік береді-мыс. "Бұл тақырып әзірге шариғат талаптары аясында қарастырылған емес, алайда, алдағы екі-үш жыл ішінде қарастырылады. Бұл арада мұсылмандарды толғандыратын жылғыз нәрсе - криптовалютаның бірыңғай реттеу тетігінің болмауы. Мәселен, биткоинға қарсы уәждердің негізгісі мыналар: тәуекелдің тым жоғары болуы, белгісіздік, сондай-ақ, нақты активтермен қамтамасыз етілмеген әрі мемлекет тарапынан кепілдік берілмейді",- деп мәлімдеді ол.