|
Google балалардың смартфонын бақылайтын қызметті іске қосты
|
Google ата-аналарға балалардың смартфонын бақылауға мүмкіндік беретін Family Link сервисін іске қосты. Бұл туралы компания өзінің ресми блогында хабарлады.
Жаңа қызмет арқылы ата-аналар баланың қандай қосымшаларды жиі қолданатынын біле алады. Сонымен қатар, Family Link арқылы Google Play дүкенінен кез келген қосымшаларды жүктеуге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған сервисте түнгі режим мен баланың смартфонын бірнеше сағатқа өшіру қызметі де бар.
Family Link әзірге тек АҚШ-та тестілеу сатысында іске қосылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті