Гибридті тағамның жаңа түрі пайда болды
Гибридті тағамның жаңа түрі пайда болды
10 ай бұрын 962 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Корей ғалымдары адамзат тұтынатын азық-түлік мәзірін жаңа тағам түрімен толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлеуметтік желіде «Сиыр еті» деп аталатын ерекше күріш түрі зертханада күріш дәндерінің ішінде жануарлардың бұлшық еттері мен май жасушаларын өсіру арқылы пайда болды. Дәмі сиыр еті мен күріш қатар татитын өнімнің құрамында ақуыздар мөлшері 8%-дан, ал май 7%-дан асады. Ол кәдімгі күріш секілді жұмсақ әрі жабысқақ болып келмейді. Иісі ақуыздың мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Егер ақуызы көп болса, тағам сиыр еті мен бадамға тән иіс шығарады. Ал майы көп болса, сары май мен кокос майын еске түсіретін иіс бөледі. Болашақ тағамының әзірлену барысы: біріншіден, күрішті жасушалардың орнығуына көмектесетін қауіпсіз және тұтынуға болатын ингредиент балық желатинімен қапталған. Содан кейін ірі қараның бұлшық еттері мен майдың діңгекті жасушалары күрішпен араластырылады, 9-11 күн ішінде арнайы зертхана табақшасында өсіруге қалдырылды. Нәтижесінде қызғылт түсті, шырышты «ботқа» пайда болды. Енсей университетінің Сохен Парк есімді ғалымының айтуынша, адамзат қажетті ақуызды малдан алатынын айта келе мал шаруашылығының көп ресурсты талап ететінін және атмосфераға парниктік газдарды көп бөлетінін алға тартты. Осылай деген ол «күріш еті» мал шаруашылығына қарағанда экологиялық жағынан таза және әлдеқайда арзан тұратынын мәлімдеді. Ғалымдар есептегендей, өндірілген әрбір 100 грамм ақуыз үшін гибридті күріш қоршаған ортаға 6,27 келіден аз СО₂ бөледі, ал сиыр етінде бұл көрсеткіш - 49,89 кг СО₂. Коммерцияланатын болса, жаңа өнімнің бір келісі шамамен 2,23 доллар тұрады.

0 пікір
Мұрағат