Гербицидті глифосаттың Альцгеймер ауруына шалдықтару қатері бары анықталды
|
Аризона штаты университетінің ғалымдары танымал гербицидті глифосаттың молекулалары Альцгеймер (алжу) секілді нейродегенеративті ауруларға шалдықтыратынын анықтады. Оны адамдар пайдалануды тоқтатса да немесе құрамында осы химикат кездесетін тағамды тұтынуды тоқтатса да алжу қатері сақталып қалады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш жоғарғы оқу орнының Arizona State University ресми сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Глифосат — бір жылғы және көп жылғы арам шөптерді жоюға арналған, яғни, арамшөптермен тиімді күресуге мүмкіндік беретін гербицидтің кеңінен қолданылатын түрі. Әлемнің ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық қосылыс. Десе де соңғы уақытта оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны жиі айтылатын болып жүр. Еуропада, Канадада және бірқатар араб елінде қолдануға тыйым салынған. Глифосаттың қатерлі ісік секілді қауіпті аурулардан бастап бірқатар дертке шалдықтыруы ықтималдылығы жоғары болғаны үшін. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар тәжірибеде қолданылатын тышқандарды 13 күн қатарынан құрамында глифосат кездесетін азықпен қоректендірген екен. Осыдан кейін кеміргіштерді экологиялық жағынан таза өнімдермен қоректендірген. Алты ай бақылай келе олардың конгнитивті қабілетінің (жадының нашарлауы, мазасыздық, ми қатпарында бета-амилоид пен тау-ақуыздары деңгейінің көтерілуі) төмендегені байқалған.