Гарвард ғалымы генетткалық тұрғыдан сай келетін адамды табуға көмектесетін қосымша жасайды
Гарвард ғалымы генетткалық тұрғыдан сай келетін адамды табуға көмектесетін қосымша жасайды
5 жыл бұрын 2551 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің танымал ғалымы адамдарға өзінің өмірлік серігін тану мен табуға септігін тигізетін, яғни, генетикалық тұрғыдан сай келетіндермен танысуға мүмкіндік беретін қосымша жасауға кіріседі. Бұл жайында ZME Science ақпарат көзі хабар таратты. Биолог Джордж Чёрч «Адам гені» және «Генді редакциялау» деп аталатын жобаларды алғаш болып қолға алғандардың бірі. Таяуда CBS телеарнасының «60 минут» бағдарламасына берген сұхбатында ол генетика негізінде танысу қосымшасын жасау үстінде екенін мәлімдеген болатын. Осылайша ол ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалатын ауру түрлерін азайтуды көздейді. Десе де сарапшылар оның бұл бастамасын сынғa алып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, кезінде фашистер қолданып көрген евгеника тәжірибесіне ұқсатып отыр. Евгеника – адамға қатысты селекциялық ілім. Адамгершілік жағынан күңгірт, күмәнді тұстары үшін аталмыш тәжірибе кеңінен қолдау таппаған болатын. Бұдан бөлек, Джордж Чёрчтың зерттеу жобаларын америкалық қаржыгер әрі сонымен қатар, педофилдігі үшін айыпталған Джеффри Эпштейномнің қаржылау қолдау көрсеткені де қоғамның наразылығын тудыруда. Осы жылдың тамыз айында өзінің камерасында оның жансыз денесі табылған болатын.

0 пікір
Мұрағат