Ғалымдар күллі әлемді энергиямен қамтамасыз етудің жолын ұсынды
Ғалымдар күллі әлемді энергиямен қамтамасыз етудің жолын ұсынды
1 жыл бұрын 1161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия ұлттық университетінің инженерлері күллі әлемді энергиямен қамтамасыз етуі тиіс экватор маңында күн батареяларының қалқымалы жүйесін құрудың жоспарын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы MDPI ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес бір ғана Индонезияның өзі жылына күн энергияынан сағатына шамамен 35 000 терават энергия өндіруге қауқарлы. Бұл көрсеткіш бүгінде өндірілетін жаһандық элетр энериясынан асып түседі. Ғалымдар қалқымалы күн батареялары жүйесін орналастыруға болатын оңтайлы орындарды анықтады - Индонезия архипелагтары мен Африка құрлығының батысындағы экваторлық бөлік. Мұндай жүйені толқын биіктігі 6 метрден, ал жел екпіні секундына 15 метрден аспайтын жергілікті аймақтарда құруға болады. 70 шаршы шақырым аумақтағы күн панелдері кем дегенде бір млн үй шаруашылығын қоршаған ортаға зиянды көміртегін қажет етпейтін энергиямен қамтамасыз ете алады. Десе де мұндай жүйенің өз олқылығы бар, мәселен, қалқымалы энергия жүйесі тұзды судың кесірінен эррозияға ұшырап немесе түрлі минералдардың я болмаса микроорганизмдердің кесірінен істен шығуы мүмкін. Әзірге бұл бастама нақты жобаға айнала қойған жоқ.

0 пікір
Мұрағат