Ғалымдар алжу ауруының 2040 жылдары емі табылатынына сенімді
Ғалымдар алжу ауруының 2040 жылдары емі табылатынына сенімді
2 жыл бұрын 2079 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Альцгеймер ауруының білікті әрі танымал маманы 2040 жылға дейін адамзат аталған дерттен айықтыратын ем түрі табылатынына сенетінін жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кардиф университетінің (Британия) профессоры Жули Уилямс 2009 жылы Альцгеймермен байланысты тек үш ген белгілі болса, бүгінде аталған аурумен байланысты 92 геннің анықталғанын алға тартып отыр. Бұл нені білдіреді? Таяу болашақта Альцгеймер ауруын мейлінше тиімді емдеу тәсілдерінің пайда болатынын білдіреді. Кардифф университетінің Британдық деменцияны зерттеу институтының директоры Жули Уилямс Альцгеймер ауруын табаны күректей 30 жыл бойы зерттеп келеді. Альцгеймер - деменцияның прогрессивті түрі, яғни, алжудың асқынған түрі, қазіргі уақытта симптомдардың дамуын бәсеңдететін емдеу немесе тиімді емдеу жоқ. Десе де ғалымдар келешекке нық сеніммен қарап отыр: аталған дерттен құлан таза айықтыратын ем тәсілі табылмаса да бұл аурудың дамуын тежейтін және конгнитивті функциялардың құлдырауына жол бермейтін әдістің пайда болатынын алға тартып отыр. Ғалымның айтуынша, бүгінде зақымдалған немесе ақау шалған гендердің иммундық жасушалар қызметіне қалай әсер ететіні белгілі.

0 пікір
Мұрағат