Ғалымдар әйелдермен ұрсысып, сөз таластырудың мағынасыздығын дәлелдеді
Ғалымдар әйелдермен ұрсысып, сөз таластырудың мағынасыздығын дәлелдеді
5 жыл бұрын 3176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швед ғалымдары ерлерге қарағанда әйелдер жадысының өзгеше болатынын анықтады. Бұл бағытта жүргізілген зерттеуге 1 млн 200 мыңға тарта адам өз еркімен қатысқан екен әрі тәжірибе өткен ғасырдың екінші жартысынан, дәлірегі, 1973 жылдан бері жүргізіліп келген. Швед ғалымдарының бұл тұжырымы жарты ғасырға жуық жүргізілген зерттеу нәтижесіне негізделген. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Әйелдер ер-азаматтарға қарағанда нақты бір сәтті есінде сақтап қалатын әрі ұсақ деталдарына дейін ұмытпайтын қабілетін айрықша атап өтті. Сол себепті, әйелдер ерлермен сөзге келіп қалғанда немесе отбасындағы дау-жанжал кезінде жадында сақтағандарын айғақ ретінде алға тартып, ерлердің аузын аштырмай тастайды. Бұдан бөлек, әйелдер ерлерге қарағанда иіс және көру жадысының жақсы дамығанын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат