Ғалымдар адамдардың жылдың қай уақытында дүниеге көп келетінін анықтады
Ғалымдар адамдардың жылдың қай уақытында дүниеге көп келетінін анықтады
1 жыл бұрын 1279 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы зерттеу барысында адамдар дүниеге ең көп келетін айлар мен күндердің болатынын әрі туу көрсеткіші төмендейтін белгілі бір уақыт аралығы да болатыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Статистика көрсеткендей, қыркүйек және шілде айлары күллі әлем бойынша туу көрсеткіші жоғарылайтын айлар санатына кірген, ал қараша, желтоқсан және қаңтарда керісінше туу көрсеткіші күрт төмендеген. Ғалымдар бұл айлардағы кейбір нақты күндерде адамдарың көптеп дүниеге келітінін де анықтап отыр. Мәселен, қыркүйек айының 12-і, 18-і, 25-і және 26-ы жыл сайын туу көрсеткіші жоғарылайтын күндер ретінде анықталды. Соның ішінде күллі әлем бойынша қыркүйектің 9-ы күні жыл сайын туу көрсеткіші ең жоғары күн ретінде белгілі болып отыр. Аталмыш жаңалық өз кезегінде демографиялық ахуалды реттеуде маңызды рөл ойнауы мүмкін. Дегенмен, бұл құбылыс заңдылық па әлде кездейсоқ сәйкестік пе, ол жағы анықталмады. Ғалымдар бұл құбылыстың құпиясын Григориан күнтізбесі бойынша жылда әлемнің басым бөлігінде мерекеленетін қаңтар айының бас кезіндегі Жаңа жыл мейрамынан кейінгі адамдардың көңіл күйімен және демалысымен байланыстырады.

0 пікір
Мұрағат