Еуропалық ел бірер жылдан соң жолаушыларды толық электрмен жүретін ұшақпен тасымалдайды
|
Норвегия билігі 2040 жылға қарай элекрмен жүретін жолаушылар тасымалдайтын авиацияға көшуді жоспарлап отыр. Бұл жайында норвегиялық Avinor операторының тапсырысымен электрмен жүретін lpha Electro ұшағын құрастырып жатқан Pipistrel компаниясы мәлім етті. Аталған бағдарлама аясында электрмен жүретін Alpha Electro ұшағын сынақтан өткізе бастады. Оның алғашқы жолаушысы - Норвегия көлік министрі Кетил Солвик-Олсен. Электрмен жүретін Alpha Electro ұшағының моторының қуаты 50 кливатты құрайды, ал батарейкасының сыйымдылығы сағатына 21 кливатқа жетеді. Аталған ұшақ бір сағаттан аса ұша алады. Норвегия билігі осылайша елдегі көміртекті газ қалдығының бөлінуін 2030 жылға қарай 40%-ға кемітуді жоспарлап отыр. Батыс Еуропадағы мұнайға ең бай ел бола тұра, яғни, отын тапшылығын тарта қоймайтын әрі экологиясы барынша таза норвегтердің бұл қадамы әлемнің өзге елдеріне үлгі болуға лайық. Норвегия билігі осылайша баламалы энергия көздерін белсенді пайдалану жолына түспекші. Бұдан бөлек, кәрі құрлықтағы аталған ел аумағында 2025 жылы жанар-жағармаймен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынбақ. Бұл ел, сонымен қатар, қоршаған ортаға зияны жоқ электрмен жүретін автокөлік мінген тұрғындар санымен де мақтана алады. Қазіргі уақыттың өзінде бұл елде әрбір бесінші тұрғын электрмен жүретін автокөлік мінген. Норвегияның энергетикалық компаниясының өкілдері тұрғындардың жаппай электрмен жүретін көлікке көшкенінен қорықпайды. Олардың есебі бойынша бүкіл ел электрокарға ауысқан күннің өзінде желіге түсетін салмақ алты пайыздан аспайды. Халқының саны 5 млн адамнан аспаса да Норвегия гибридтер мен электрокарды сатып алуда әлем бойынша көш басында тұрған санаулы елдердің бірі. Бұл елдегі аталған нарықтың үлесі 32%-ды құрайды. АҚШ пен Қытайдан кейінгі орында тұр.