Еуропада су батереясы іске қосылды (видео)
Еуропада су батереясы іске қосылды (видео)
2 жыл бұрын 1667 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Nant de Drance | Sébastien Moret

Швейцария аумағында 2 миллиард еуро жұмсалған, құрылысына 14 жыл кеткен 900 МВт су батареясы  іске қосылды. Бұл жайында  islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл қондырғы сағатына 20 млн кВт өндіреді. Яғни, электромобилдерге арналған 400 мың аккумуляторға тең. Батарея Швейцарияның Альпі тауларында 600 м жер астында орналасқан. Құрылғы әртүрлі биіктікте орналасқан екі үлкен су бассейнінен тұрады. Қуат өндірісі жоғары болған кезде, артық қуат кәдімгі аккумуляторды зарядтау сияқты суды төменгі бассейннен жоғарғы бассейнге жылжыту үшін пайдаланылады. Электр энергиясын тұтыну артқан кезде жоғарғы бассейндегі су босатылып, электр энергиясын өндіретін турбиналар арқылы өтіп, төменгі бассейнге қайта бағытталады. Осылайша, желіні қуатпен қамтамасыз ету процесі жүреді. Бұл тұжырымдама жаңа болып көрінуі мүмкін, бірақ ол Швейцарияда ғасырлар бойы қолданылып келеді. АҚШ та бұл әдісті 100 жылдан бері қолданып келеді. Аккумулятор Швейцарияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі Эмоссон және Вие Эмоссон су қоймаларының арасындағы жер асты 600 м тереңдікте орналасқан. Бұл өз алдына ұзындығы шамамен 200 м және ені 32 м-ден асатын тұтас кешен. Бірегей жобаны жүзеге асыруға қажетті құрылыс материалдарын алаңға жеткізу үшін инженерлер алдымен ұзындығы 18 шақырымды құрайтын Альпі таулары арқылы туннелдер қазуға мәжбүр болды. Осы туннельдер салынғаннан кейін құрылыс материалдары мен жабдықтары жерасты құрылыс алаңына көшірілді. Бұл процестердің барлығы аттай 14 жылға созылды. Аккумулятор сыйымдылығын арттыру үшін Vieux Emosson бөгетінің биіктігі де 20 м-ге ұлғайтылды. Ең жоғары қуаттылықта жұмыс істейтін қондырғы бір мезгілде 900 000 үйді электрмен қамтамасыз ете алады.

 

0 пікір
Мұрағат