Кристиан Парсонс бір жыл бұрын осы ыңғайлы әрі жайлы үйді құрастырып шыққан еді.
Сол уақыттан бері екеуі осы үйдің ішінде тұрып елдің әр түкпірінде өмір сүріп келеді.
20 000 доллар шығын кетірген үйдің ішкі құрылысы өте ыңғайлы: қонақ бөлме, ас бөлме, екі мансард, ванна және душ.
Үйдің құрылысына көбінесе ескі материалдар қайта қолданылған.
Жалпы, үйдің сыртымен қатар ішкі материалдары да көбінесе ағаштардан жасалған.
Олар, әсіресе, басқасы тар болса да душты кең қылған екен.
Ал үй иелерінің жатын бөлмесі жоғарыда орналасқан.
Олар өз үйлерімен 16 штатты аралап үлгерген.
Үйдің ішіне арнайы кинотеатр орнатылып, онда өздерінің саяхаты мен өмірі туралы деректі фильм көрсетіледі.