Ерлерге алтын жүзікті тақпау себебі анықталды
Ерлерге алтын жүзікті тақпау себебі анықталды
9 жыл бұрын 43334 ihsan.kz

Алтыннан жасалған неке жүзігін ұзақ уақыт тағу ерлердің жыныстық әлсіздікке әкеліп соғады деп жазады «medikforum.ru». Дәрігерлер аталмыш қымбат металл әсіресе ер адамдардың жыныстық мүшесіне кері әсерін тигізіп, ерлердің қатынасқа түсуін бәсеңдетеді.

Мамандардың айтуынша, неке жүзігін үзбей көп таққандықтан адам ағзасына тері арқылы микрозаттар түзіледі.

Алтынның оксиды зерттеу нәтижесі көрсеткендей ерлердің жыныс теміріне зиянын тигізеді. «Тіпті миллиграмм мөлшерінде болсын ағзаға түсетін болса, жыныс мүшесінің жұмысын бұзады», — деп жариялайды сарапшылар.

Енді, мұндай алтынның шариғаттағы үкіміне келер болсақ, ғұлама Мухиддин Әбу Закария ән-Нәуәуи р.а. (хижри 631-676 ж.)  «Сахих Муслим» атты хадистер жинағына жазған шархында (түсіндірмесінде) былай дейді: «Ғалымдар бір ауыздан алтын жүзік тағу ер кісілер үшін «харам» дейді. Жүзіктің кей бөлігі күміс, кей бөлігі алтын болса да, үкімі осы… Өйткені, Пайғамбарымыздың мына сөзі барлық алтын атауын қамтып тұр. Ол  (ﷺ): «Мына екеуі (жібек пен алтын) ер кісілерге – харам, әйелдерге – халал», – деген» (Имам Науаи, Шархун Нәуәуи алә Муслим, 2066 хадис шархы).

1 пікір
Мұрағат