Электронды қоқыстан алтынды айырып алудың жолы табылды (видео)
|

Манчестер университетінің ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірге электронды қалдықтардан алтынды айырып алудың тиімді әрі салыстырмалы түрде оңай жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Рецептісі
Электрондық қалдықтарды ұнтақтап, ерітіндіге салу (өкінішке орай, оның атауы көрсетілмеген);
сұйықтыққа графеннің қалыпқа келген оксидінің мембранасын қосыңыз. Бірнеше минуттан кейін мембрана бетінде таза алтын жинала бастайды. Ұсақталған үлгіден ішіндегі алтынның 95% алу үшін небәрі 1 грамм графен жеткілікті екені анықталып отыр. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Йан Судың айтуынша, бұл әдіс қарапайым электрохимиялық процеске негізделген. Бұл процесс графен мен алтын иондары арасындағы ерекше өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асады, олар да ерекше селективтілікті қамтамасыз етеді. Басқа иондар мен тұздарсыз тек алтын алынады»,- деп түсіндірді ғалым. Ғалымның айтуынша, қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа әдісі алтын өндіруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, бүкіл әлемде қоқысқа тасталатын электроника көлемінің артуына байланысты өсіп келе жатқан экологиялық проблеманы азайтады.




