Электрмен жүретін көлік бір зарядпен қашықтықты бағындыруда рекорд орнатты (видео)
|
Мюнхен технологиялық университетінің студенттері құрастырған, жетілдірілген (модификацияланған) muc022 электрмен жүретін көлігі бір аккумулятор зарядымен ең ұзақ жол жүру бойынша рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпара көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы сынақ кезінде көлік алты күнде 2573 шақырым жолды бір-ақ зарядтпен жүріп өтті. Осылайша, студенттер тобы Мюнхен әуежайында IAA Mobility шоуында әлемдік рекорд орнатты. Алдыңғы Гиннес рекорды электрмен жүретін көліктің бағындырған ең ұзақ қашықтығы - 1608 шақырым. muc022 бұл қашықтықты сапардың төртінші күнінде бағындырған, дегенмен, жеткілікті заряд қоры болған кезде көлік жолда барлығы 99 сағаттан астам уақыт жұмсай отырып, қозғалысын жалғастырған. TUfast Eco командасының muc022 электр көлігі 100 шақырымға небәрі 0,6 кВт/сағ тұтынған. Салыстыру үшін алсақ, ең үнемді деген жаппай өндірілген коммерциялық электр көліктері мұндай сапар үшін сағатына 13 кВт-ты қажет етеді. Мұндай рекордқа жету үшін студенттер электр көліктің салмағын азайтқан. Көміртекті композициялық материалдан жасалған монококтың (корпус негізі) салмағы небәрі 18,6 келі тартады. Ал бүкіл электр көлігінің салмағы - 170 келі. Инженерлер, сонымен қатар, аэродинамикалық корпус құрылымын және күшейтілген, яғни, қуаты сағатына 15,5 кВт-ты құрайтын батареяны пайдаланды. Muc022 400 Вт тұрақты магнитті синхронды қозғалтқышпен басқарылды. Бір кабиналы моделдің ықшам өлшемдері (ұзындығы - 3400 мм, ені - 1200 мм және биіктігі - 1000 мм) салмақ пен аэродинамиканы бақылауда ұстауға көмектесті. Автокөліктің кедергі коэффициенті 0,159 құрайды, бұл көрсеткіш, тіпті, коэффициенті шамамен 0,2 болатын ең оңтайландырылған жеңіл автокөліктерге қарағанда айтарлықтай төмен.