Электрлі көлікке арналған бірегей станса – 12 минутта 80%-ға дейін қуаттайды (видео)
Электрлі көлікке арналған бірегей станса – 12 минутта  80%-ға дейін қуаттайды (видео)
2 жыл бұрын 1447 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Электр энергиясымен жүретін көлікке арналған ерекше станса ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы carnewschina.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әр нәрсенің себебі бар – электр көлігінің пайда болуына қазбалы отынның өңделген түрімен жүретін автокөліктен атмосфераға бөлінетін зиянды газдар жаһандық жылынуға себеп болса, енді электр көлігін танымал ету үшін оның қуатталу уақытын барынша қысқартпақ. Nio компаниясы өзінің жаңа электромобилдер желісі үшін қуаттау стансасын ашты. Өндірушінің (құрастырушының) дерегінше, электр көлігін энергиямен қуаттау жылдамдығында рекордтық  көрсеткіш орнады - 12 минутқа дейін 80%-ға дейін қуаттайды. Nio Generation 3.0 стансасы 21 батареяны сақтауға және күніне 408 қайта зарядтауға қабілетті. Nio компаниясы 2023 жылдың наурыз айынан бастап Gen3 PSS стансасын кеңінен орнатуды бастайды. Түпнұсқасы болып табылатын PSS Gen1 бес батареяны сақтай алады және күніне 120 қайта зарядтауды орындай алады. Қазіргі уақытта Еуропа мен Қытайда орнатылған алдыңғы PSS Gen2 стансасы 13 батареяны сақтай алады және күнделікті 312 рет қайта зарядтауға қабілетті. Бүгінгі таңда Nio компаниясы Қытайда 1285 және Еуропа аумағында тоғыз стансасаға ие. Nio компаниясы 2023 жылдың соңына дейін Қытайда 1700 және Еуропада 120 стансаны ашуды жоспарлап отыр. Nio компаниясы, сонымен қатар, Nio күні Power Charger 3.0 деп аталатын 500 кВт мейлінше жылдам зарядтағышты ұсынды. Оның максималды зарядтау тогы 660 В және 800 В сәулетіне негізделген электр машиналарын 12 минут ішінде 10%-дан 80%-ға дейін зарядтай алады.

0 пікір
Мұрағат