Дыбыстың бейнесі қандай (фото)
Дыбыстың бейнесі қандай (фото)
4 жыл бұрын 3674 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлбетте, дыбыстың бейнесі болмайды десеңіз, қателесесіз. Көзге көрінбейтіні үшін олай үзілді-кесілді кесіп-пішіп айту - бір басқа да ойша елестету - бір басқа. Дыбысты тек есту арқылы қабылдай аласың. Дегенмен, адамнан қулық артылған ба - Линден Гледхилл есімді фотограф дыбыстың толқынан өз көзімен көргісі келіп, су мен неон жарығының көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде нағыз психоделилік синестезияге (былайша айтқанда, адамның психикасына жағымды әсерін тигізетін үйлесімді көрініске) қол жеткізеді. Тарқатыңқырап айтқанда, Линден Гледхилл дыбыс толқынының бейнесіне қол жеткізу үшін қарапайым тәжірибе жүргізіп көрген екен: су құйылғын ыдыс акустикалық колонканың үстінде тұрады – ыдыс пен колонканы жұқа мембрана ғана бөліп тұрады. Колонка компьютерге жалғанған күшейткіш арқылы басқарылады. Дыбыс колонкадан шыққанда фотограф барлық дыбыс толқынының конструкциясын (құрылымын) светодиодтық шеңбер арқылы таспаға тартып алған екен. Бұл жайында islam.kz порталы nat-geo.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

/upload/iblock/d3a/d3a170900cb505efc61253ea24be56af.png

/upload/iblock/906/90617cdc7c20d81b7d08016c6b53f16c.png

/upload/iblock/7a1/7a158e46857069914978b4207f4d32fd.png

/upload/iblock/8f5/8f5f5faeb025f4dc1d19c16b55011049.png

0 пікір
Мұрағат