Дыбыспен қозғалатын робот жасалды (видео)
Дыбыспен қозғалатын робот жасалды (видео)
1 жыл бұрын 1182 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер акустикалық (дыбыстық) толқынды аулап, оны қимыл-қозғалысқа айналдыратын шағын робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, неміс және швейцариялық ғалымдардың қолынан шыққан, дыбыспен басқарылатын құрылғыны қан тамыры арқылы дәріні жеткізу және инвазивт3 емес отаға бейімдеуге болады. Роботтың қозғалысын басқару туралы ойды ғалымдар спирохета бактериясына қарап алды. Бұл микроорганизмнің жасушалары спирал тәрізді болып келеді. Жабысқақ сұйықтық ішінде айналу арқылы қозғалады. Инженерлер бұл тарапта қозғалу үшін бірдей принципті пайдаланатын микроробот жасады. Ғалымдар 3D принтерінде ұзындығы 350 микронды және диаметрі 100 микронға жететін, улы емес полимердің штопор тәрізді бөлігін басып шығарды. Олар құрылғыны су толтырылған шыны түтікке орналастырды. Сыртқы акустикалық өрістің әсерінен сұйықтықтың молекулалары дірілдеп, роботты алға қарай итеретін құйын қалыптастырады немесе тудырады. Ғалымдар бірқатар тәжірибедеде дыбыс толқындарының жиілігін өзгерту арқылы робот қозғалысының жылдамдығы мен бағытын басқаруға болатынын көрсетті. Микроробот 12-ден 19 кГц жиіліктегі дыбыс тітіркендіргіштеріне жауап береді. Сонымен қатар, дыбыс тербелістерінің жиілігін арттырсаңыз, робот құбырдың ішінде 45 ° бұрышпен жоғары қарай жылжиды. Ғалымдар бірталай уақыттан бері дәрі-дәрмекті организмнің тиісті жеткізудің түрлі жүйесін қарастыруда және әзірлеуде. Мұндай инновациялық тәсіл өз кезегінде дәрінің тиімділігін арттыратынын айта кету керек. Бұл бағытта магнит өрісі арқылы басқарылатын микророботтарға басымдық беріліп отыр. Бұл тәсіл тиімді көрінгенімен оның да өз шектеулері бар: шығыны көп күрделі өндірістік және көлемді басқару жабдықтарын қажет етеді. Міне, осыған байланысты инженерлер дыбыспен басқарылатын роботтарды қарапайым балама шешім ретінде қарастыруда

0 пікір
Мұрағат